COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
24 мамыр

2019 жылдың 15 мамыр күні Алматы қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясы, «Қазақ психологиялық Қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Қайнар Академиясының ұйымдастыруымен ҚазҰЖҒА академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлының туған күніне орай ұйымдастырылған

 

«ҚАЗІРГІ ЭТНОПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: ТАРИХЫ, ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

 

Халықаралық конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстандық және шетелдік ғалымдар психологияның әртүрлі салаларының, оның ішінде этнопсихологияның өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар жасады. Атап айтқанда: Омаров Е.С. – ҚҰЖҒА вице-президенті, Қайнар Академиясының Президенті/ректоры, конференция модераторы ҚҰЖҒА академигі, Қазақ психологиялық қоғамының Президенті, Қайнар Академиясының ғылыми істер жөніндегі проректоры, психол.ғ.д., профессор Перленбетов М.Ә., Мамсуров К.В.- Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматы қаласы бойынша Төрағаның орынбасары, Жарықбаев Қ.Б. -пед.ғ.д., психол. ғ.д., проф., ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері, Намазбаева Ж.И. - психол. ғ.д., проф., ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Абай атындағы ҚҰПУ университеттің дамуын қолдау орталығының директоры, Шерьязданова Х.Т. - психол. ғ.д., проф., ҚР ҰҒА Құрметті академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Сақтағанов Б.К.- PhDдокторы, Кабакова М.П.- психол. ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проф.м.а. ж.т.б.        

 

Халықаралық конференция шеңберінде  Қайнар Академиясында проф. С.М.Жақыпов атындағы Психологиялық Орталықтың салтанатты ашылу ресімі өткізілді.

         Халықаралық конференцияның жұмысын қорытындылай келе этнопсихологиялық зерттеулердің  ұлтаралық бірлестікті сақтаудағы орны зор екені айтылды. Ұлттардың этногенезін зерттей отырып қоғамдағы ұлтаралық гармонияны прогрессивті жолмен дамыта білу өзекті мәселе болып қала беретіні бірауыздан мақұлданды.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content