COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
8 january

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарына келесіні ұсынады.

1. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі бойынша көктемгі семестрде/триместрде 1 курс студенттерінің оқу процесін аралас оқыту форматында ұйымдастыру (дәрістер - онлайн, санитарлық режим және 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар - күндізгі форматта).

2. 2 және 3 курстарда оқуды Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдарға (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) сәйкес даярлау бағыттарына байланысты қашықтықтан немесе аралас форматта жалғастыру.

3. Академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға сәйкес 4-курста оқуды қашықтықтан/аралас форматта жүзеге асыру (дипломалды және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу).

4. Академиялық саясат, күнтізбе мен Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес магистранттар мен докторанттардың теориялық оқуын (көктемгі семестрде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасында қарастырылған жағдайда) қашықтықтан және аралас форматта жалғастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қорытынды аттестаттауды жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

5. COVID-19 пандемиясы кезінде шетелдік академиялық ұтқырлық пен тағылымдаманы шектеу.

6. Оқу корпустарында және жатақханаларда Санитарлық-эпидемиологиялық режимді (СЭР) сақтау қағидаларына өзгерістер енгізу және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес аралас форматта білім алушылар үшін СЭР нормаларының қамтамасыз ету (байланыссыз термометрлермен, антисептиктері бар ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 Министрліктер үйі Тел.74-24-08 МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ДЕПАРТАМЕНТ ВЫСШЕГО И ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ г.Нур-Султан, ул.Мәңгілік Ел, 8 Дом министерств Тел.74-24-08

санитайзерлермен міндетті түрде жарақтау және мүмкіндігінше дезинфекциялаушы тоннельдерді орнату).

7. СЭР сақтай отырып, көктемгі семестрге оқу корпустары мен ЖОО жатақханаларын дайындау.

8. Аралас, қашықтықтан және дәстүрлі оқыту форматтарында оқу процесін жүзеге асыру үшін көктемгі семестрдің басталуына дайындықты орындау (сабақ кестесі, ағындарды анықтау, контентпен қамтамасыз ету, кәсіби практиканы ұйымдастыру және т.б.).

9. Әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, 40% -дан аспайтындығын аудиториялардың толымдылығы 1 білім алушыға кемінде 5 ш.м. қамтамасыз етумен семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар өткізу.

10. СЭР талабына сәйкес білім алушыларды жатақханаларда бөлуді жүзеге асыру (қашықтық, дезинфекциялау құралдарымен тұрақты өндеу және т.б.).

11. Медициналық орталықтардың күшейті


Back to previous level

Apply for admission

Online Admissions Office Skip to content