COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау Академияның қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

    Академияның қабылдау комиссиясына оқуға түсушілер мынадай құжаттарды тапсырады:

Өтініш қабылдау туралы;

Жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт);

3×4 көлеміндегі 6 фотосурет;

086-У нысанындағы медициналық анықтама.

     Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар қосымша мынадай құжаттардың бірін береді:

трудовую книжку;

жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі));

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерден тұратын Мұрағаттық анықтама.

     Шет тілінде ұсынылатын құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы болуға тиіс.

     Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың бірінші семестрі ішінде тұлғаларды қабылдағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

 

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content