COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
2 наурыз

2020 жылдың 25 ақпанында Құқықтық пәндер кафедрасында «Патриотизм және толеранттылық - қазақстандық үлгі» тақырыбындағы пікірталас өтті.  Пікірсайыстың ұйымдастырушылары мен қатысушылары ретінде кафедраның аға оқытушысы Ашимбаев Д.А.  және 2 курс студенттері болды.
Пікірсайыстың мақсаты студенттерге отансүйгіштік, ұлтшылдық, нәсілшілдік, космополитизм ұғымдарын қалыптастыруға, сонымен қатар азаматтық қоғам дамуының қазіргі жағдайындағы патриоттық сана мен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ету.
Қазылар алқасының алдына күрделі міндет қойылды: үздіктерін таңдау.  Төрелік келесі критерийлер бойынша өтті: дәлелдемелер, жауаптардың толықтығы, сөйлеу құрылысының логикасы, сөйлеу мәдениеті және т.б.
Қатысқан командалар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content