COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
9 желтоқсан

04.12.2020 ж. Қайнар  Академиясы, Тілдер және журналистика кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., профессор Г.О.Мухаметкалиеваның  және Абайдың «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар  жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызының ұйымдастыруымен Абай музейіне виртуалды саяхат  өткізілді.

Қайрамбаева М.С. музей тарихымен, осы биылғы жылы ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті.

Артынша, барлық заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен жасақталған музей залдарындағы жәдігерлер таныстырылып, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы жайында жан-жақты мәлімет берілді.

Күмбезді ғимараттағы музейдің жаңа экспозициясы 11 залдары көрермен назарына ұсынылды.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content