COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
17 мамыр

ҚҰЖҒА академигі, пс.ғ.д., профессор М.Ә.Перленбетовтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Психология ғылымы мен тәжірбиесінің қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі ролі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция Қайнар Академиясының Президент-ректоры, ҚҰЖҒА академигі Е.С.Омаровтың жетекшілігімен өтеді.

17 мамыр 2021 жыл.  Сағат 12.00. (Нұр-Сұлтан бойынша)

Өткізілу форматы: Zoom онлайн платформасы (Конференция идентификаторы: 685 763 9975,  кіру коды: 4455)

 Пленарлық мәжілісте ҚҰЖҒА вице-президенті, ҚР ҰҒА  академигі, фил.ғ.д., проф. К.А.Құрманалиев, пед.ғ.д, пс.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА Құрметті академигі Қ.Б.Жарықбаевтың құттықтау баяндамалары тыңдалады.

Конференция модераторлары: А.Ж.Сапарбаев- э.ғ.д., профессор, Қайнар Академиясының ғылыми істер жөніндегі проректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрметті Академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

М.А.Еркінбекова- пс.ғ.к, доцент, «Педагогика, психология және әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

Пленарлық мәжілісте сөз алатындар: Ресей психологиялық қоғамының вице-президенттері: пс.ғ.д, профессорлар, РАО академигі С.Л.Кандыбович, пс.ғ.д., Ресей Федерациясы Президентінің жас ғалымдарға ғылым мен инновация  саласында беретін Мемлекеттік премияның лауреаты А.Н.Веракса (М.В.Ломоносов ат. ММУ, Москва, РФ), В.В.Козлов- пс.ғ.д, проф.,  Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының Президенті, П.Г.Демидов атындағы Ярославль мем. университетінің саяси және әлеуметтік психология кафедрасының меңгерушісі (РФ), Б.Р.Кадыров- пс.ғ.д, проф. М.В.Ломоносов ММУ-нің Ташкентегі филиалы (Өзбекстан Республикасы), Ч.А.Шакеева- пс.ғ.д, проф., Қырғыз-Ресей білім академиясының ректоры, Ресей Федерациясының педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі (Бішкек қ., Қыргызстан), В.Ю.Стефаник- в.ғ.д., проф. С.Ж.Гжицский ат. Львов ұлттық университеті (Львов қ., Украина), психолог, Е.В. Ларионова-Усикова - психолог-практик, Қайнар университетінің бітірушісі (Мадрид қ., Испания), Ж.И.Намазбаева, Х.Т.Шерьязданова- пс.ғ.д, профессорлар, ҚР ҰҒА Құрметті академиктері.

            Сонымен қатар конференцияның жұмысына қатысатын ғалымдар:  пс.ғ.д, профессорлар А.К.Сатова, А.Т.Ақажанова (Абай ат. ҰПУ), З.Б.Мадалиева (әл-Фараби ат. ҚазҰУ), А.Р.Ерментаева (Л.Н.Гумилев ат. Евразия ҰУ), Б.А.Әмірова (А.Букетов ат. ҚарМУ), О.С.Саңғылбаев (Тұран университеті), сонымен қатар Қазақстан Республикасына танымал практик психологтар қатысады.

Халықаралық конференция аясында «Қазақ психологиялық қоғамының» II-ші съезі өтеді. Съезд делегаттары Қоғамның 2015 жылдан бері атқарылған жұмыстарын талқылап, даму және интеграция векторларын айқындап, миссиясын жүзеге асыруға бағытталған резолюция қабылдайды.

«ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ МЕН ТƏЖІРБИЕСІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК МƏСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РОЛІ» атты Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор Мұқан Əтенұлы Перленбетовтың 60-жылдығына жəне «Қазақ психологиялық қоғамының» II-ші съезіне арналған халықаралық ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары 

Сертификат

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content