COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
13 желтоқсан
Жеңіспен құттықтаймыз!
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен және "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" пәні бойынша республикалық оп-line олимпиадасын өткізді. Олимпиаданы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар" ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубы өткізеді. 
Олимпиаданың нәтижелерін тексеру үшін құрылған конкурстық комиссияның құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Sanaly urpaq республикалық жобалық кеңсесінің, Алматы қаласы Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің басшылары мен өкілдері кірді.
Екі турдың қорытындысы бойынша (тестілеу және бейнефайл) жалпы балл қорытындысы болып жеңіс және жүлделі орын - Академияның "Құқықтану" ББ 4 курс студенті Қайнар Садвакасова Альмира 1-турда ең жоғары балл жинаған, 2-турда "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту" тақырыбына бейнеролик дайындаған. А.Садвакасова өзінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне деген қатынасы мен төзбеушілігін көрсете алды.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content