COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
9 мамыр

2022 жылы 15 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың төрағалығымен жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары және жастар ісі комитетінің төрағаларының қатысуымен «Тәрбиелі жас – парасатты азамат» атты республикалық форум  өтті.

«Тәрбиелі жас – парасатты азамат» атты республикалық форумды өткізудің мақсаты жоғары оқу орындарында білім алатын жастардың бойында парасаттылық құндылықтардың қалыптасу ерекшеліктерін талқылау, негізгі тетіктерін анықтау, жастарды қоғамның белсенді азаматы болуға, адамгершілігі мол адамға болуға дайындау жолдарымен бөлісу еді.

Осыған орай, Форум жұмысына республикамыздың жоғарғы оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары және жастар ісі комитетінің төрағалары шақырылды әрі қатысты.

Қайнар академиясы тарапынан бұл форумға тәрбие ісі жөніндегі проректор Көшкінбаев Алмас Сапарұлы және жастар ісі комитетінің төрағасы психология мамандығының бірінші курс студенті ,оқу озаты және қоғамдық өмірдің  белсендісі Байсұлтан Бексұлтан қатысты.

Форум жоғары дәрежеде өтті. Баяндамашылар қазіргі тәрбие мәселесінің ең өзекті мәселелерін ортаға салды, атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов өз сөзінде білім саласындағы реформалар және олардың беталысы,Жаңа Қазақстанды құруға арналған келелі іс-шаралар жәйлі жан-жақты айтып өтті. Форумда жарияланған ашық микрофон шарасы кезінде студенттік қауымның өкілдері өте белсенді түрде пікірлерін айтып,өз ұсыныстарын көптеп жеткізді. Жиынның соңында Асхат Айтмағамбетов мырзаны студенттер тобы қаумалап қоршап бір сағатқа жуық әр түрлі мәселелерді талқылады.Министрдің студенттік ортадағы беделін, білімгер қауымның оның жұмысына риза екендігін осы жерде жақсы байқадық. Бұл бір тамаша көрініс еді. «Тәрбиелі жас – парасатты азамат» атты республикалық форум бір сөзбен айтқанда өте нәтежиелі әрі пайдалы жиын болды. Жастардың бойынан жігер,көзінен от келешекке деген ынталы ықылас байқадық.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content