COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
1 маусым

2022 жылдың  27- мамыр күні Қайнар академиясының ұстаздар және студенттер қауымымен және қызметкерлерімен  алдағы 5-маусым күні жоспарланған бүкілхалықтық республикалық референдумға қатысты үлкен жиын өткізілді. Бұл жиынға Қазақстан Республикасының Мәжілісінің депутаты Сырым Жұматайұлы Адамбаев, Қазақстан Республикасы аудиторлар кеңесінің төрағасы, "AMANAT" партиясы Алматы қалалық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Сапар Хайсаханұлы Көшкінбаевтар қатысып референдум жәйлі егжей-тегжейлі түсіндірме баяндамаларын жасады. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Пікір алмасу белсенді түрде өтті. Жиынға қатысушылар Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалауға атсалысып, референдумға бірауыздан қатысатындықтарын жаппай білдіріп, жылы атмосферада өтіп жатқан кездесудің шырайын кіргізді.


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content