COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
5 желтоқсан

01 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында "Құқықтану: құқық қорғау қызметі" білім бағдарламасының 1-2 курс студенттері арасында "Құқықтық тәуелсіз мемлекеттің өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс - шараны ұйымдастырушы кафедраның аға оқытушысы Ж.С. Шалабаева дөңгелек үстелге қатысушылардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін, өз елі алдындағы азаматтық борышын, Отан мүддесіне қызмет етуге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру мақсатын қойды.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелері, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы, Жаңа Қазақстанды құру идеясы талқыланды.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content