COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
21 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы уақытта қоғамның барлық саласында ауқымды жобалар мен реформаларды жүзеге асыру бойынша бір қатар міндеттер қойған болатын. Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба аясында әлемнің үздік оқулықтары мемлекеттік тілге аударылып, қазақстандық оқырманға қол жетімді болады.  Жобаның мақсаты – гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдамалы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, жастарға жаңашыл бағытта білім беру.
Құрметті студенттер, оқытушылар, оқырмандар!  
Кітапханаға осы жоба аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, антропология, инновация салалары бойынша аударылған алғашқы 17 кітап түскенін хабарлаймыз.


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content