COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,

Академиялық мектеп тарихы

1991 жылы басталған «Қайнар» университетінің алғашқы қадамдары 0314 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар даярлаудан басталып, 30 жылдан астам уақыт бойы табысты жалғасып келеді.

Біздің ілім бағдарламаларымыз студенттерді мамандықты оңай өзгертуге немесе кеңейтуге дайындайды, бұл студенттердің жұмысқа тез және оңай орналасу мүмкіндігін арттырады.

Академиялық мектепте ҚазҰАЭУ академигі, психология ғылымдарының докторы Джакупов С.М., психология ғылымдарының докторы, профессор Мадалиева З.Б., педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құсайынов А.Қ., психология ғылымдарының докторы, профессор Перленбетов М.А., психология ғылымдарының докторы, профессор Тоқсанбаева Н.Қ., психология ғылымдарының докторларыы Аязбекова Р.А. мен Ахметова М.К. және т.б.

Біздің түлектер әлемнің әртүрлі бөліктерінде жұмыс жасайды: Канада, Англия, Америка, Израиль, Германия, Ресей, Қазақстан және т.б.

Психолог-білімгерлер студенттердің, аспиранттар мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді қатысып отырады, мысалы: Еуразиялық студенттер қауымдастығы, Ресей студенттер одағы және Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттік орталығының қолдауымен өткізілетін «Ломоносов»; Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің психология факультетімен жыл сайынғы университеттік студенттік конференцияларда өткізілетін «XXI ғасыр психологиясы» атты студенттер мен аспиранттардың халықаралық университетаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

Қазіргі уақытта академиялық мектепте «Қолданбалы психологиядағы эмпирикалық зерттеулер» (жетекшісі: психология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Еркінбекова) ғылыми тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілуде, оның аясында психологияның қолданбалы бағыттарын дамыту мәселелері, т.б. зерттелуде.

Академиялық мектеп «Қазақ психологтар қоғамы» РҚБ-мен, Мәскеу мемлекеттік университетінің, Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология кафедраларымен және т.б., мектепке дейінгі және мектептік білім беру мекемелері, қала, облыс, республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру институттары ынтымақтасады.

 

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content