16 қазан
11.10.2019. Күні Алматы қалалық №141 және №145 орта мектептерінде Қайнар Академиясының Тілдер және журналистика кафедрасының педагогикалық практика зертханасы ашылды. Зертхана мақсаты кафедра студенттерінің ғылыми - педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп, өз шеберліктерін арттыруына жағдай жасау. Екіжақты келісім нәтижесінде ашылған бұл зертханаға кафедра меңгерушісі Мұхаметкалиева Г.О. мен кафедра оқытушысы Мухтарова Э.С. қосқан үлесі зор.