COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
23 ақпан

     19 ақпан 2021 жылы «Қайнар» академиясында құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен – «Қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы құқықтық ғылым мен білімнің қазіргі заманғы мәселелері» атты заңгер-ғалым, қоғамдық және саяси қайраткері Зиманов Салық Зиманұлының 100-жылдығына арналған III- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

   Аталған іс-шараға ТМД мен Қазақстанның белгілі заң ғылымдарының жетекші ғалымдары, з.ғ.к., доцент А.М.Вартанян. (Беларусь Республикасы), з.ғ.д.,профессор О.З.Мұхамеджанов (Өзбекстан), ф.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Құрманалиев Қ.А., з.ғ.д., доцент Алибеков С.К. (Yessenov UNIVERSITY), з.ғ.к.,қауым.профессор Ж.Б.Шаяхметова (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті), з.ғ.к., полковник А.Т.Алдабергенов (М.Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы), з.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Т.А.Ағдарбеков, з.ғ.д., профессор Е.А.Бурибаев (Абай атындағы ҚазҰПУ), з.ғ.к., К.Р.Усеинова (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), сонымен қатар «Құқықтану» білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері қатысты. 

   Іс-шара барысында жиналғандар Ғалым туралы естеліктерімен бөлісті, С.Зимановтың тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастырудағы, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі мен парламентаризмінің теориялық және практикалық мәселелерін дамытудағы орасан зор үлесін атап өтті.

Материалдар жинағы

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content