COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
15 желтоқсан

Биыл Қайнар академиясы үшін айтулы қос мереке қатар келді. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдық мерейтойы және Қайнар академиясының іргесі  қаланғандығының отыз жылдық мерейтойы. Осы жағымды жаңалыққа байланысты оқу орынымызда түрлі іс шаралар атқарылуда. Соның біріне тоқталсақ  2021 жылдың  12- желтоқсанында  Қайнар академиясында доцент Көшкінбаев Алмас Сапарұлы екінші курс студенттеріне  «Тәуелсіздік жетістіктері» онлайн ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында студенттерге тәуелсіз отыз жылда еліміздің жеткен жетістіктерінің біршамасы  барынша егжей- тегжейлі түсіндіріліп берілді. Арнайы даярлаған презентациялық слайд материалдары көрсетілді.Студенттер де өз кезектерінде пікірлерін білдіріп өтті. Рухани жаңғыру  даму бағдарламасын іске асырудың бір жолы жастарға осындай отансүйгіштік патриоттық білім мен тәрбиенің берілуі екендігі баршаға аян. Жастар осындай пайдалы мағлұматтарды жан-жақты алу арқылы өз Отанының қадірін түсініп,оны шын жүрегімен жақсы көре білуге дағдыланады деп пайымдауға әбден болады. Сөзімізді «ақынның ақыны» Мағжан Жұмабайұлының келесі жыр жолдарымен тамамдағымыз келеді;

Арыстандай айбатты,
 Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content