COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
10 қаңтар

2021 жылдың 22 желтоқсанында Қайнар академиясында Қазақстан тәуелсіздігінің және Қайнар академиясының 30 жылдық мерейтойы құрметіне  Қайнар академиясының және Қайнар колледжінің студенттері арасында дене шынықтырудан Спартакиада болып өтті.Бұл салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық іс шара үстел теннисінен,шахматтан және дойбыдан академия және колледж студенттері жаппай қызығушылық танытқан тартысты және бәсекелестікке толы жарыс болғанын айта кеткен жөн. Спартакиада келесі мақсаттарда өткізілді;біріншіден студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және спортты насихаттау,екіншіден салауатты өмір салтының кеңінен таралуына үлес қосу. Жалпы басшылықты тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. С. Кошкинбаев жүзеге асырды.Қайнар спорт клубының жетекшісі Шәкім Б.С. осы шараны ұйымдаструдың негізгі ұйытқысы болды.Спартакиаданы дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасау дене шынықтыру және спорт жөніндегі оқытушыларға жүктелді.Спартакиаданың бас төрешісі В.Г. Масягина,бас хатшысы Ж.С.Қоспагарова,ал коменданты болып А.К. Немербаев тағайындалды. Оқу орынының теннис залында өткен үстел теннисінен болған жарысқа ұлдар және қыздар қатар қатысты. Ал Оқу залында өткізілген шахмат сайысы ұлдар арасында ал дойбы ойыны қыздар арасында ұйымдастырылды.Спартакиада сағат таңертең теннис залында 10:00-де ашылып, оқу залында 15:30-да қорытыланды.Жемісті бәсеке төрешілердің шешімімен келесідей түрде бағаланды.

Жиынтықтар:

Үстел теннисі

1 орын Құқықтану мамандығының 2 курс студенті Нүсіпов Қанат

2 орын  Психология мамандығының 2 курс студенті Құрмет ЕскендІр.

3 орын Қайнар колледжінің 4 курс студенті Абылай Айтмұратов

Дойбы (қыздар арасында)

1 орын Қайнар колледжінің 1 курс студенті  Жарылқасымова Нұриля.

2 орын Құқықтану мамандығының 1 курс студенті  Абилсеитова Гүлзада

3 орын Құқықтану мамандығының  2 курс студенті  Уснадинова Бейбіт

Шахмат (ұлдар арасында)

1 орын Құқықтану мамандығының 3 курс студенті Ниетулаев Нұрболат

2 орын Құқықтану мамандығының 4 курс студенті Кушербаев Рахымжан

3 орын Құқықтану мамандығының 4 курс студенті Томин Никита

Барлық жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.Алдағы  уақытта да студент жастар арасындағы осындай салауаатты өмір салтын насихаттайтын игі шараларды көбейте беру жоспарлануда. Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз!

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content