COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
24 наурыз

18-наурыз күні Алматы арена кешенінің  төрінде "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте!" атты Алматы қаласының студент жастарына арналған тамаша фестиваль өтті. Қайнар академиясының студенттері де бұл салтанатты шараға белсене қатысты. Жастар екі жылдан аса созылып бас көтертпеген пандемияның себептерінен мұндай концертті әбден сағынып қалыпты. Тағы бір айтпағым жастардың көздерінен елге деген сүйіспеншілікті, толағай патриотизмді, отансүйгіштік сезімін байқадық.Жиналған 11000 адам әнұранымызды бірігіп шырқаған кезде барша  жұрт елжіреген сезімде болды. Қасіретті қаңтар қайталанбасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әз наурыз халқымызға құт береке әкелсін. Алла елімізді тыныштығынан айырмасын. Мағжан ақын айтқандай "Біз жастарға сенеміз!!!"


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content